№12 бастауыш мектеп мұғалімі
Косниязова Толкын Абаевна
Сабақтың тақырыбы: «Кілем тоқу тарихынан».
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға кілем тоқу тарихы туралы, оның түрлері, ерекшелігі туралы түсінік беру. Оюларды қиып, оны әшекейлей білуге үйрету.
Сабақтың дамытушылығы: Өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, эстетикалық талғамын, назарын, ойын дамыту.
Тәрбиелік мәні: Ептілікке, шыдамдылыққа, қауіпсіздік ережелерін сақтауға, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: көрсету, жапсыру, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың құрал-жабдығы: түрлі-түсті қағаз, желім, қайшы
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық сәт
Әдепті де өнерлі,
Еңбексүйгіш баламыз.
Жаңа істің шебері,
Жасаушысы боламыз.
2. Үй тапсырмасын пысықтау: «Шеберлер жасаған заттар» (түсініктерін әңгімелету).
1. Не білеміз?
2. Не үйрендік?
Термин сөздер: «Сен не білесің?»
3. Жаңа сабақ «Ой ашар».
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктемде қандай мерекелер болады?
- Наурыз мерекесін қалай тойлаймыз?
- Біз бүгін наурыз мерекесіне ағаш үй тігіп дайындайық.
Ассосация: «Ой шақыру»
- Қазақтың ұлттық киімдерін ата.
- Қандай ою түрлерін білесің?
- Қыздардың әшекей бұйымдарын ата.
- Ою-өрнек дегеніміз не?
- Ағаш үйдің ішкі жабдықтарын ата.
- Ия, балалар ағаш үйдің ішкі жабдықтары басқұр, тұскиіз, кілем, алаша екен.
- Бүгінгі жаңа сабағымыз кілем, тұскиіз туралы болады.
Кілем туралы түсінік. (Слайд бойынша)
Кілем мен тұскиіз - қазақтың үй жиһаздары. Оларды тоқудың дәстүрлі тәсілдері бар. Кілем тұскиізге қарағанда төзімді әрі сәнді болады. Кілемді өрнектеп тоқиды. Тұскиізді өрнек салып, кестелеп тігеді. Кілем тоқу – Азия, Еуропа, Кавказ халықтарына ежелден белгілі қолөнер түрі. Қазақтар түкті және түксіз кілемдер тоқыған. Кілемді қоспасыз, таза қой жүні мен түйе жүнінен тоқиды. Оны әдемілеп бояйды. Шеберлер кілем тоқуды балаларға 9-11 жасынан үйреткен. Қазір Қазақстанның оңтүстігінде қыз балалардың бәрі дерлік кілем тоқуды біледі. Бұл күрделі де қиын жұмыс. Шыдамдылықты, ептілікті, түс үйлесімін құрастыра білуді талап етеді. Кілемдер әр халықтың ұлттық ерекшеліктеріне тән түрлі-түрлі үлгімен, түс сәйкестігімен, ою ерекшелігімен жасалынады. Қазақтың ұлттық ерекшелігі ою-өрнек. Қазақ оюы – үй жиһаздарында, сәндік,тұрмыстық бұйымдар мен қиімдерді нақыштап безендіруге қолданылған өрнектер. Ағаш үйдің ішкі жабдықтарында, домбыра, торсық, өзіміздің көк байрақ туымыздың шеті де оюмен нақышталған. Наурыз мерекелерінде, тойға аналарымыздың киетін бешпент,камзолдарын да оюмен көмкеріп тіккен.
4. Сергіту сәті.
5. Практикалық бөлім.
Балаларға шаблондар тарату.
Тапсырма: оюларды қиып, кілемнің түс композициясын құрастыру.
6. Қауіпсіздік ережесін сақтау
Жұптық жұмыс: Оюларды қиып, кілемнің түс комозициясын құрастыру.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі